- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау
2022 жылғы 8 қыркүйекте Халықаралық құқық кафедрасында Мемлекет басшысы Қ-Ж.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Мемлекеттік басқаруды қайта жүктеу» тақырыбында студенттік дөңгелек үстел өтті.
Президент өз Жолдауында экономиканың сапалы дамуын қамтамасыз етуге және қазіргі кезеңде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жүйелі және салалық шаралар кешенін атап өтті.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару мәселелері талқыланған дөңгелек үстел жұмысына халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к., доцент Сайрамбаева Ж.Т., з.ғ.д., профессор Шакиров К.Н., з.ғ.к., доцент Тусупова А.Ж. және «Халықаралық құқық» ББ студенттері қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді сапалы жүзеге асыру мәселелері бойынша белсенді пікір алмасты. Дөңгелек үстел аясында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік саясат, университет түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды. «Халықаралық құқық» ББ студенттері мемлекет өз іс-әрекеттерінде қоғамдық игіліктер жасауға шоғырландырылуға тиіс және мемлекеттік басқару моделі «халық үніне құлақ асатын», тиімді, есеп беретін, кәсіби және прагматикалық мемлекет қағидаттары негізінде дамуын жалғастыруға, әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыру кезінде бағдар ретінде қызмет етуге тиіс деген қорытындыға келді.