30.09.2011
Әлемдік деңгейдегі әріптестік
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) «Академиялық ықпал» бағдарламасына қабылданған еліміздегіжоғары оқу орны
«Академиялық ықпал» - әлемдік міндеттелген белсенді қолдауға, адам құқығы, біліктілік, тұрақты даму, бейбітшілікті сақтау және қақтығыстарды шешу, мәдениетаралық далогта әлемнің 90 елінен 500-ден көп университетті біріктіретін БҰҰ-ның жаһандық бастамасы.
ҚазҰУ-дың БҰҰ-ның бағдарламасына енуіндегі алғашқы қадамдарының бірі – ғылыми-тәжірибелік конференцияның өтуі болмақ.
Бұл бағыттағы жұмыс ҚазҰУ-дың әлемдік жоғары оқу орындарымен халықаралық әрістестікті нығайта түсуге ықпал етеді.
«Академиялық ықпал» бағдарламасы 2010 жылдың қарашасында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун бастамасымен қолға алынды. Қатысушылар құрамына: Кембридж университеті (Ұлыбритания), Нью-Йорк университеті (АҚШ), Калифорниялық мемлекеттік политехникалық университеті (АҚШ), Иллиной мемлекеттік университеті (АҚШ), Монреаль университеті (Канада), Веналық медициналық университеті (Австрия), Пекин университеті (Қытай), Женевтік университеті (Швейцария) және т.б. оқу орындары енген.