«Мұхтар Әуезов және әлем әдебиеті» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

17 қыркүйек, 2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Филология факультеті

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Құрметті әріптестер!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы 2022 жылдың 29 қыркуйегінде өтетін қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті ғалым, академик М.О. Әуезовтің 125-жылдығына арналған «Мұхтар Әуезов және әлем әдебиеті» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырады.

Конференцияға ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, жас ғалымдар қатыса алады.

 

Конференция аясында 5 секция жұмыс істейді:

1.     Әлем әдебиеті контексіндегі М.О. Әуезов шығармашылығы;

2.     М.О. Әуезов және отандық әдебиеттану ғылымының даму бағыттары;

3.     М.О. Әуезов және абайтану;

4.     Қазақ әдебиетін зерттеу мен оқытудың жаңа парадигмалары;

5.     Мәдениетаралық коммуникация контекстіндегі қазақ әдебиеті

 

Баяндамалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің бірінде болуы тиіс.

 

Мәтін компьютерде теріліп, төмендегідей техникалық шарттарға сай келуі керек:

Көлемі 5-6 бетке дейін болып, баяндама – Tіmes New Roman, 14 кегль шрифтерімен, әр жолдың арасы бір интервалдан терілуі шарт. Мақала беттерінің өлшемдері: үсті – 2 см, асты – 2 см, оң жағы – 2 см, сол жағы – 2 см.

Мәтін редакцияланып, электронды нұсқасы Word форматында сақталуы керек. Баяндаманың жоғарғы оң жағында автордың аты-жөні, жұмыс орны мен қызметі, ғылыми дәрежесі, мәтіннің ортасында баяндаманың атауы көрсетілуі керек. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі сілтеме реті бойынша баяндаманың соңында келтіріледі. Конференция материалдары жинақ ретінде жарыққа шығады.

Ұйымдастыру жарнасы – 3000 теңге.

 

Алматыға келуге байланысты барлық шығындар баяндамашылардың өз есебінен болады.

 

Конференцияға қатысу үшін 2022 жылдың 20 қыркүйегіне дейін өтініш білдіріп, баяндаманы e-mail арқылы ұсыну керек. 

 

Конференцияға қатысу жайлы өтініште төмендегідей мәліметтер болуы тиіс:

Аты-жөні

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми атағы

Жұмыс орны мен қызметі

Баяндаманың атауы

Мекен-жайы, телефоны, e-maіl

 

Конференцияға қатысу жайлы өтініш пен баяндаманы төмендегі мекен-жай бойынша жіберіңіздер: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы.

Телефон: +7 (708) 601 21 75, е-mail: kaznuconfliter@gmail.com