Профессор М. Т. Әлімбековтың көшбасшылық дәрісі
23 қыркүйек, 2022
2022 жылдың 22 қыркүйегінде заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Әлімбеков Мұсабек Тұрғымбекұлының Заң факультетінің 1 курс студенттерімен кездесуі өтті. Көшбасшылық дәріс Еуразиялық одақтың қалыптасуы мен дамуының саяси-құқықтық аспектілеріне арналды.
Әлімбеков Мұсабек Тұрғымбекұлы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы қызметін атқарды (04.2009-04.2011). Сонымен қатар Минск қаласында ЕурАзЭҚ Халықаралық сотының төрағасы болды (01.2012-12.2014).
М.Т. Әлімбеков «Сот құқық шығармашылығы және құқық қолдану механизмінде азаматтық құқықты қолдану» (Астана 2010 ж.) монографиясының, «Қазіргі кезеңде соттың азаматтық-құқықтық нормаларды қолдануы» (Астана 2009 ж.), «Сот сараптамасы туралы», «Азаматтық заңнамаға түсініктемелер» 47 шығарылымы (Алматы «Раритет» 2016), «Зияткерлік меншік құқығы туралы даулар» (Астана 2010 ж.), «Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік құқықтарын сот арқылы қорғау: соңғы тенденциялар мен перспективалар» (Астана 2011 ж.), «Әлемдік жаһандану жүйесіндегі еуразиялық интеграция: өзекті саяси-құқықтық аспектілері» (Қарағанды 2015 ж.) кітаптарының авторы.
- ІС-ШАРА ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕР
|
Басқа жаңалықтар
18 қараша, 2024
18 қараша, 2024
17 қараша, 2024