- Басты бет
- Жаңалықтар
- Ем Наталья Борисовна Шығыстану факультетінің декан қызметінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды
Ем Наталья Борисовна Шығыстану факультетінің декан қызметінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды
Жиналыс барысында Шығыстану факультетінің 2017-2022 оқу жылдары аралығында декан қызметін атқарған Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы өзінің қызметтік мерзімінің аяқталуына байланысты қоштасу сөзін сөйлеп, өз әріптестеріне, оқытушыларға алғысын білдірді. Келесі кезекте Тасыбеков Хайдар Сүлейменұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы - Ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев тапсырмасымен 2022-2023 оқу жылынан бастап Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі, Ем Наталья Борисовнаны Шығыстану факультетінің декан қызметінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындады. Осыған орай, Тасыбеков Хайдар Сүлейменұлы мен Шығыстану факультетінің оқытушы-профессорлары жаңа басшыны қызметімен құттықтады.
Ем Наталья Борисовна - тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Үздік ЖОО оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері. Қазақстан халқы Ассамблеясының Алматы қалалық ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, Қазақстан корейлері қауымдастығы президиумының мүшесі. Сеул ұлттық университетіндегі Korea Foundation for Advanced Studies (Корея Республикасы), Korea Foundation (Корея Республикасы) лауреаты және Токио университетіндегі Japan Foundation (Жапония) стипендиаты, этносаралық қатынастар тақырыбы бойынша 60-тан астам ғылыми мақалалар мен үш монографияның авторы. Жоғары оқу орындарында 20 жыл педагогикалық тәжірибесі бар: оның ішінде 15 жыл әкімшілік лауазымдарда қызмет атқарған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен (2016 ж.), Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгімен (2019 ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2019 ж.), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мерейтойлық медалімен және Қазақстан корейлері қауымдастығының мерейтойлық медалімен (2020 ж.) марапатталған.