Мицубиши корпорациясы тағы бір студенттің талабын ұштады
Мицубиши корпорациясы 2012 жылдан бастап ҚазҰУ студенттеріне шәкіртақы тағайындап келеді. Соның нәтижесінде көптеген студент Жапонияның үздік жоғары оқу орындарында білім алып қайтты. Биыл да аталмыш корпорация Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы жапонтану бөлімінің үздік студентіне 1 500 000 теңге көлемінде шәкіртақы бөлген болатын. Биылғы байқауға GPA балы жоғары, жапон және ағылшын тілдерін жақсы меңгерген үшінші курс студенттері қатысты. Байқау нәтижесі бойынша «шығыстану» мамандығының 3 курс студенті Алпысбай Динара Талғатқызы шәкіртақы иегері атанып, Жапонияның Осака университетіне 6 айлық оқуға баруға мүмкіндік алды. Университетіміздің халықаралық және жергілікті серіктестері студенттердің ілім-білімінің дамуына көп мүмкіндіктер беруде. Осы орайда біз Мицубиши корпорациясына және басқа да барлық серіктестерімізге зор ризашылығымызды білдіреміз.