Кәсіпорын құнын басқарудағы қаржы және бизнес аналитиканың рөлі
27.09.2022ж әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебі “Экономика” кафедрасы 4-курс студенттеріне түлектерді жұмыспен қамту бойынша жұмыс берушімен «Кәсіпорын құнын басқарудағы қаржы және бизнес аналитиканың рөлі» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Жұмыс беруші Калибеков Максат - QBI Analytics компаниясының негізін қалаушы, бас директоры және ЭжБЖМ “Экономика” мамандығының 2007 жылғы үздік түлегі. М. Калибеков кездесу барысында өз тәжірибесімен бөлісіп, еңбек нарығындағы экономист, қаржыгер және есепшілердің кәсіби біліктілігіне қойылатын талаптары жайында ақпарат берді: кәсіпорын құнын басқару, тәуекелдерді басқару, шығындарды басқару. Сонымен қатар, QBI Analytics консалтингтік компаниясы туралы және компания ұсынатын қызметтерімен, cеріктестерімен таныстырды. Спикер ЭжБЖМ студенттерін аталмыш кәсіпорында кәсіби тағылымдамадан өтуге шақырды. Студенттер өз кезегінде тағылымдама бойынша сұрақтар қойып, өз қызығушылықтарын білдірді.