Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу

2 қазан, 2022

Университет басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумына барды.

 

Университет ректоры Жансейіт Түймебаев “Amanat” партиясы Алматы қалалық филиалының кезектен тыс XXIX конференциясына қатысты. Іс-шарада партия мүшелері  президенттік реформалар бағытын одан әрі іске асыруға өздерінің қолдауы мен дайындығын білдірді.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев кезекті Ғылыми кеңес отырысын өткізді. Жиында қабылдау кампаниясының қорытындылары және 2022-2023 оқу жылындағы білім беру үдерісін ұйымдастыру туралы айтылды.

 

Білім ордасының ректоры Жансейіт Түймебаев биология ғылымдарының докторы, Орегон ұлттық приматтарды зерттеу орталығы және АҚШ-тың Діңгекті жасушалар орталығының профессоры Шухрат Миталиповтың «Қазіргі эмбриология мен генетикадағы жаңа технологиялар» тақырыбындағы көшбасшылық дәрісіне қатысты.

 

Ректор 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Ұрпақ сабақтастығы» атты мерекелік іс-шарасына қатысып, ардагерлерлерді мерекемен құттықтады. Салтанатты шарада Жансейіт Түймебаев 5 ардагерді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың “Ерен Еңбегі үшін” медалімен марапаттады.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Түркия Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы TENMAK протонды үдеткіштер орталығының директоры Исмаил Бозтосунмен кездесті. Тараптар ғылым-білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыру, Қазақстан мен Түркия арасындағы атом және ядролық саланы дамыту перспективаларын талқылады.