Қыркүйектің 28-і күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Экономика және бизнес жоғары мектебі, экономика кафедрасының ұйымдастыруымен тілдер күні мерекесіне орай «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты тағылымды іс-шара өтті.
Осы іс-шараның арнайы қонағы болған белгілі ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Бекжан Әшірбаев пен танымал ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әлібек Шегебай тіл тақырыбы төңірегіндегі өз ойларын ортаға сала отырып, жастармен жарасымды сыр-сұқбат жасады.
Іс-шараның мақсаты - Тіл қандай ұлттың болмасын қасиетті де құдіреті қазынасы екенін, сонымен қатар елдің мәдениеті мен құндылығы тіл арқылы өмір сүріп, ұлттың тұтастығын сақтайтындығын көрсету.
Басқа жаңалықтар
27 қараша, 2024
27 қараша, 2024
27 қараша, 2024