Цифрлық жолайрық: Қазақстан газеттерінің бүгіні мен ертеңі

7 қазан, 2022

 

Журналист Төлен Тілеубайдың "Цифрлық жолайрық: Қазақстан газеттерінің бүгіні мен ертеңі" кітабының таныстырылымы өтті. Журналистика факультетінің деканы Нұржан Қуантайұлы кітап авторына табыс тіледі. Алдағы уақытта ғылыми зерттеулеріне өзек болар кеңестер берді. Журналистика факультетінің 1 курс студенттері авторға баспасөздің бүгінгі үрдістері мен газеттің болашағы жайлы сұрақтар қойды.

Әл-Фараби ғылыми кітапханасы "Цифрлық жолайрық: Қазақстан газеттерінің бүгіні мен ертеңі" кітабының елу данасына сұраныс беретін болды.Кафедрамыздың базасында магистрант ретінде ғылыми тағлымдамадан өткен Төленге жетекшілік жасадым. Осы зерттеу жұмысының негізгі мәселелерін талқылап, мазмұнын ықшамдап бердім.

Бүгінгі таныстырылым Бас редакторлар клубының төрайымы Bibigul Zhexenbay ханымның қолдаумен өтті. Білімді, ізденімпаз шәкіртіміз Төлен Тілеубайға шығармашылық табыс тілеймін!

Профессор Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева