Профессор Н. Х. Калишеваның көшбасшылық дәрісі
2022 жылғы 10 қазанда сағат 11.40-да (Алматы уақыты) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры, з.ғ.д., адам құқықтары, конституциялық және әкімшілік құқық саласындағы маман Қалишева Нәжия Хусаинқызының "Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың ұлттық институттары" тақырыбында көшбасшылық дәрісі өтті.
Іс шара ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтының тыңдаушылары алдында онлайн режимде өткізілді. Егемен Қазақстан үшін өзекті тақырыпқа арналған іс-шара барысында лектор мен тыңдаушылар арасында бірден сенімді диалог қалыптасып, қазақстандықтардың жас ұрпағын толғандыратын көптеген сұрақтар қойылды. Бұл өз кезегінде студент жастардың Қазақстан Республикасының кәсіпқойларымен және ғылыми элитасымен осындай кездесулерін өткізудің маңыздылығы мен өз уақытында екендігін тағы да растайды.