ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЭССЕ ЖАЗУДАН БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАДЫ

11 қазан, 2022

Ұлттық мереке - 25 қазан Республика күні қарсаңында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен "Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбына эссе жазудан байқау жарияланды.

Конкурс жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, мемлекеттің жарқын болашағына деген сенімін арттыруға бағытталған.

Байқауға студенттер, магистранттар және қоғамдық жастар ұйымдары қатыса алады.

Эссе байқауына автордың Қазақстанның болашағы мен оның қалыптастырудағы көзқарасын көрсететін өз бетінше орындалған шығармашылық жұмыстар жіберіледі.

Жұмыс 2022 жылғы 15 қазанға дейін Жоғары оқу орнының электрондық поштасына жіберілуі тиіс. Конкурс бойынша толық ақпаратты жоғары оқу орнының сайтынан қарауға болады.

Конкурстық жұмысты қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орындауға болады.

Конкурстың бірінші кезеңіне қатысушыларды марапаттау 2022 жылғы 19 қазанда жоғары оқу орындарының базасында өтеді. Байқаудың екінші кезеңіне қатысушыларды марапаттау Астана қаласында өтеді