- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да әскери журналистика туралы алғашқы оқу-әдістемелік кітабы таныстырылды
ҚазҰУ-да әскери журналистика туралы алғашқы оқу-әдістемелік кітабы таныстырылды
Әл-Фараби кітапханасында профессор Лейла Ахметованың «Военная журналистика 1940-22.06.1941 годов: на примере публикацийвоенкора М.Даурембаева» атты оқу-әдістемелік кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Шараға журналистика факультетінің деканы Нұржан Қуантай, академик Ханкелді Әбжанов, Бостандық ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы Әсен Беспаева, атақты генерал Панфиловтың немересі, композитор Алуа Байқадамованың қызы, Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының «Жан-Сая» дағдарыс орталығының жетекшісі Зулфия Байсақова, оқытушы-ғалымдаржәне майдангер журналист М.Дәурембаевтың ұрпақтары қатысты.
Журналистика факультетінің деканы Нұржан Қуантайұлы профессор Лейла Сейсенбекқызын арнайы құттықтап, ғалымның журналистика тарихына қосқан үлесін атап өтті. «Ширек ғасыр бойы қазақстандық жауынгерлердің есімдерін жаңғыртуға атсалысып жүрген Лейла Сейсенбекқызы соғыс тақырыбын зерттеуде көз майын тауысқан ғалым. 2016 жылы «1941. Брестская крепость. Казахстан» атты кітабы жарыққа шыққан. Сол кітаптың жалғасы ретінде бүгін тағы бір ауқымды еңбек оқырманға жол тартты. Бұл жүйелі жұмыс пен ғылыми ізденістің нәтижесіндегі оқу құралынан әскери журналистиканың алғашқы тарихи деректерін көре аламыз», – деді факультет деканы.
Шарада Бостандық ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы Әсен Беспаева: "Бұл еңбекбіздің әкелеріміздің қаһармандығына арналған. Ғалым сол кезеңдегі айғақтарды анық көрсетіп, түсінікті әрі бай тілде жеткізген. Әскери журналистер мен батырларымыздың өшпес ерлігі мен қайсарлығы кітапта айқын бейнеленеді".
«Военная журналистика 1940-22.06.1941 годов: на примере публикаций военкора М.Даурембаева»атты оқу құралында соғыс алдындағы кезеңдегі журналистика туралы алғаш рет баяндалады. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы Брест бекінісінің тарихын және 1941 жылы бекіністі қорғауға қатысқан қазақстандықтар туралы зерттеу жұмысында профессор Лейла Ахметова сол кезеңдегі мерзімдік армия басылымына назар аударды. Өкінішке қарай, 1939-1941 жылдар аралығында әскери газеттер жиынтығы шекара маңындағы аудандарда мүлде сақталмаған. Ол басылымдарды шегініп бара жатқан кеңестік әскерлер өртеп жіберген немесе жау әскері жойған.
Көптеген жылдар бойы Лейла Сейсенбекқызы Брест қамалының болашақ қорғаушыларының соғысқа дейінгі жылдары оқыған газет нөмірлері мен қиындыларын іздестірді. Ол аға сержант Матқали Дәурембаевтың 45 жарияланымын тапты, солардың негізінде осы кітап құрастырылды.
Бұл оқу құралы журналистика факультетінің студенттері үшін, әскери журналистер, медиа және қоғаммен байланыс қызметкерлерін дайындау, жастарға патриоттық тәрбие беру міндеттерін іске асыру үшін қажетті оқулық. Сондай-ақ ХХ ғасыр тарихы мен Қазақстан тарихын зерттейтін тарихшыларға, саясаттанушыларға және гуманитарлық сала мамандарына да пайдалы болмақ.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі