«Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе байқауы жарияланды

12 қазан, 2022

Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе байқауын жариялайды.

Эссе конкурсын өткізу тәртібі: Конкурс 2022 жылғы 1-15 қазан аралығында екі кезеңде өткізіледі: біріншісі – ЖОО, екіншісі – республикалық деңгейде.

Эсселер kaznu.zhastar@gmail.com электрондық поштаға «Эссе байқауы» белгісімен 2022 жылдың 15 қазанын қоса алғанда жіберілу керек.

Бір қатысушыдан бір ғана эссе жіберілуі мүмкін.

Эссеге қойылатын талаптар:

  • - байқау тақырыбына сай болу:
  • - автордың жеке ұстанымын, түпнұсқа идеяларын және эссе тақырыбының стандартты емес перспективасын көрсету;
  • - автордың өз пікірін негіздеу қабілетін көрсету.

Эссені рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  • Конкурстық жұмыс қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде орындалуы мүмкін. 
  • Жұмыс Word форматы, 1,0 интервал, Times New Roman шрифті, 14 кегль.
  • Жұмыс көлемі 3 парақтан аспауы керек.
  • Дәйек сөздерді, басқалардың пікірлерін пайдаланған кезде ескертулерде мәлімдеменің көзі көрсетілуге тиіс.

Эссенің титулдық бетін ресімдеуге қойылатын талаптар:

  • білім беру мекемесінің немесе ұйымның толық атауы;
  • тақырып;
  • автор туралы мәліметтер: аты-жөні, курсы, тобы, байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта.

2022 жылғы 15 қазаннан кеш түскен эсселер қаралмайды.