"Біз Конституциялық кеңістікте өмір сүреміз" академик С.С.Сартаевтың саяси-құқықтық көзқарастары

15 қазан, 2022

Халқымыздың біртуар перзенті, Отанын сүйген нағыз азамат, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының берік тұғыры – Ата заңымыздың негізін қалаған ғұлама ғалым, көрнекті қоғам қайраткері Сұлтан Сартаевтың 95 жылдығына орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің ұйымдастырумен «Біз Конституциялық кеңістікте өмір сүреміз»: академик С.С. Сартаевтың саяси-құқықтық көзқарастары атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Конференцияға алыс және таяу шетел ғалымдары, заңгерлермен қатар асыл ағаның ұлағатты ұрпағы, немересі Сартаев Спатай Алтынбекұлы жетекшілік етіп отырған ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының профессор-оқытушы құрамы да белсене қатысты. Конференция ғұлама ғалымның саяси ұстанымы мен еңбектері ғылыми тұрғыдан сараланып, зерделенген маңызды шара болды.