Шығыстану факультетінде "Құқықтық тәртіп жасағы" студенттік ұйымы құрылды

17 қазан, 2022

Құқықтық тәртіп жасағы (ҚТЖ) – университет қалашығындағы тәртіп пен бейбітшілікті сақтау мақсатында құралған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің білім алушыларынан тұратын студенттік ұйым. ҚТЖ – студенттердің құқығын қорғауға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған арнайы ұйым. Аталған ұйымның басты міндеттеріне студенттердің тәртіп сақтауын қадағалау, білім алушылар арасындағы тәртіп бұзу жайттарының алдын алу және пайдалануға тыйым салынған зиянды заттардың қолданылуына жол бермеу т.б. жатады.