Әкімшілік құқық бойынша көшбасшылық дәріс профессорлар Подопригора Р. А.
2022 жылы 13 қазанда оқу барысында белгілі қазақстандық әкімшілік қызметкер, Каспий қоғамдық университетінің "Әділет" Жоғарғы Құқық мектебінің директоры, заң ғылымдарының докторы, Подопригора Роман Анатольевич профессорының "Әкімшілік рәсімдер: жаңа формат" тақырыбында әкімшілік құқық бойынша көшбасшылық дәрісі өтті.
Тыңдармандар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің 2 курс студенттері болды. Студенттер профессорды үлкен жігермен тыңдады. Дәріске бөлінген уақыт шектеулі және аз болды, бірақ кәсіби оқытушы Роман Анатольевич осы уақытта ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі новеллаларын, әкімшілік тұрғыда мемлекетпен басқарудың жаңа тәсілдерін ашып, студенттерге түсіндіре алды.
Мысалыға, оқу процесіне әкімшілік құқықты оқытудың жаңа тәсілдерін енгізу қажеттілігіне, жаңа әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі аясында ҚР азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарын қорғау саласындағы проблемаларға, мемлекеттің әкімшілік функциясын жүзеге асыруды енгізу проблемаларына, кейбір әрекеттерді криминализациялау және декриминализациялау мәселелеріне арналған өзекті идеялар айтылып өтті.
Дәрістің соңында студенттер әкімшілік - құқықтық тақырыптағы жаңа кітаптармен танысты, олар әкімшілік құқықты оқытуда және де, жаңа тәсілдерді қолдануға жақсы көмек болады деп ойлаймын.
Менің ойымша, салалық пәндерді жүргізетін көптеген оқытушылар пәндерді оқытуда белгілі бір қиындықтарға тап болады, себебі 1 шілдеде енгізілген ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне түсініктеме әлі жоқ. Профессор Подопригора неміс заң қоғамдастығының белсенді қолдауымен ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне түсініктеме дайындалып жатқандығының айтты. Бұл практикалаушы заңгерлерге, әкімшілік соттар судьяларына, жоғары оқу орындарының оқытушыларына мен білім алушыларына дейін жақсы көмек құралы болады.