№8 студенттер үйінде ҚР ІІМ қызметкерімен кездесу өтті

18 қазан, 2022

📌 №8 студенттер үйінде 1-курс студенттерімен ҚР ІІМ қызметкері, полиция учаскелік инспекторы Сеитнұров Алмас Ермұханбетұлымен кездесу өтті.

📌Кездесуде әкімшілік құқық бұзбау, көпшілік орында ішімдік ішпеу, темекі шекпеу, қоқыс тастамау, ұрлық жасамау және ҚР азаматының құқықтарымен міндеттері жайлы айтты. Студенттердің құқық бұзушылыққа жол бермеуі үшін, алдын алу жұмыстары жүргізілді.