Тоғызқұмалақтан жарыс өтті

18 қазан, 2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті спорт клубының ұйымдастыруымен 17 қазан мен 25 қараша аралығында ҚазҰУ-да Республика күніне арналған күзгі спартакиада өтуде.

 Осыған орай, университеттің спорт кешенінде студенттер, оқытушы-профессорлар құрамы және қызметкерлер арасында тоғызқұмалақтан университетішілік жарыс ұйымдастырылды.

Жарысқа 27 студент – 17 қыз, 10 ұл және 7 оқытушы қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша ерлер арасында:

1-орын Нұржан Кердасбай (Экономика жәнe бизнес жоғары мектебі, 2-курс)

2-орын Ақтілек Жарқын (ақпараттық технологиялар факультеті, 4-курс)

3-орын Нұрасыл Сансызбай (механика-математика факультеті, 1-курс)

Қыздар арасында:

1-орын Ақбота Қоңырова (механика-математика факультеті, 2-курс)

2-орын Мәдина Таңатарқызы (физика-техникалық факультеті, 1-курс)

3-орын Жансұлу Төлеуғазиева (философия және саясаттану факультеті, 4-курс)

Оқытушылар арасында:

1-орын Файзолла Қойшыманов (СӨС орталығы)

2-орын Мақпал Оспанбаева (СӨС орталығы)

3-орын Самат Асаубек (СӨС орталығы).

ҚазҰУ білім алушылары арасындағы тоғызқұмалақ ойынына жыл сайын қызығушылық артып келеді.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі