Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары, студенттер, магистрант, докторанттар!
Сіздерді 1 қыркүйек – Халықаралық Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!Кемел келешек кілті – озық білімде.Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Білімді болу үшін оқу керек, бай болуға кәсіп керек, ал күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» – деген қағидасы бүгін де маңызын жойған жоқ.ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен биылғы оқу жылынан бастап жоғары оқу орындары студенттерінің шәкіртақысы 20%, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға өседі.Біздің басты мақсатымыз – жастарға сапалы білім беру, білікті ғылыми кадрларды даярлау, мемлекет дамуына қызмет ететін білікті мамандарды тәрбиелеу.Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.Жаңа оқу жылы табысты болсын!
Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ,Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетініңБасқарма Төрағасы – Ректор