”Оңай” көліктік жол картасына қатысты!

18 қазан, 2022


🔱Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің бакалавр студенттері үшін "Оңай" көліктік жол картасын “Сұңқар” студенттер мен магистранттар кәсіподағы қамтамасыз етеді.
❌Магистратура студенттеріне "Оңай" көліктік жол картасы жасалынбайды!
🔴Топ старостасы әрбір студенттің төменде көрсетілген құжаттарын жинап, өз факультетіңіздің "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіптік бюросының төрағасына өткізуі қажет:
🔰Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі🔰3х4 сурет🔰Университетте оқитыны туралы анықтама🔰Базаға тіркелгеннен соң, kaspi.kz немесе терминал арқылы төлем жасайсыз.
🔴"Оңай" көліктік жол картасының алғашқы шығару құны 500 теңгені құрайды.
🔹Ескерту: “Оңай” көліктік жол картасы тіркелген соң 7-10 күн аралығында дайын болады!Дайын болған "Оңай" көліктік жол картасын өз факультетіңіздегі жауапты маманнан ала аласыз!
⭕Жоғалған “Оңай” көліктік жол картасын қалпына келтіру үшін Алматы қ., Рысқұлбеков көш., 33/1, Абылай хан к-сі 3А, «Алтын Тараз» СО мекенжайлары бойынша келіп, қажетті құжаттарды көрсетіп, картаның қайта шығару құнын төлеу қажет.
Қажетті құжаттар:🔰Жеке басты куәландыратын құжат🔰Университетте оқитыны туралы анықтама🔰3х4 сурет(міндетті емес)🔰Студенттің картасын қайта шығару құны - 1500 теңге.
🎯Әр факультетте старосталармен түсіндіру жұмыстары үшін жиналыс жасалынады. Факультеттегі “Сұңқар” студенттер мен магистранттар кәсіптік бюро төрағасымен байланыста болыңыз!