Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің (ХҚКК) өкілдерімен кездесу

19 қазан, 2022

2022 жылғы 18 қазанда Халықаралық қатынастар факультетінде Халықаралық құқық кафедрасының студенттері мен оқытушылары Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің (ХҚКК) өкілдерімен кездесті. Мәдиева Назира ХҚКК жобалық маманы, ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының маманы Денисенко Ирина Ивановна Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалысының құрылу тарихы мен қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Іс-шара танымдық түрде өтті, студенттер қызықтырған сұрақтарын қойып, оқытушылармен және практиктермен талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша Халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі Сайрамбаева Жұлдыз Талғатқызы халықаралық гуманитарлық құқық мәселелерін шешуде ХҚКК қызметінің маңыздылығын атап өтті.