«ҚАЗАҚСТАН ЕЛІНЕ САЯХАТ» ашық кураторлық сағаты

20 қазан, 2022

2022 жылдың 19 қазанында ZOOM платформасында ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының ұйымдастыруымен Республика күніне орай «Қазақстан еліне саяхат» атты онлайн ​ мерекелік іс-шарасы өтті.   

Оның негізгі мақсаты: шетелдік тыңдаушыларға, соның ішінде ауған тыңдаушыларына ​ Қазақстан Республикасы ​ туралы мәлімет беру, қазақ елінің тарихына шолу жасай отырып, таныстыру. Бұл үлкен шараға бірнеше шетелдік қонақтар қатысып, ізгі тілектерін білдірді. Шара кезінде Қазақстан туралы слайд-шоу көрсетіліп, қазақ-ағылшын тілінде баяндалды. ​ «Ариана» ауған орталығының басшысы- Ахмадулла Восток сөз сөйлеп, білім алушыларға жақсы тілектер айтты. Сонымен қатар «Парван» университетінің профессоры Доктор Саид Мобин Хашими барлық тыңдаушыларға жылы лебізін білдіріп, ұстаздарға алғысын айтты. Факультетіміздің түлектері де Қазақстанның ең ірі білім ордасы- Қазақ ұлттық университеті туралы жақсы сөздер айтып, ұстаздарын құттықтады.

Бұл мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. ​

 

Ұйымдастырушылар: Тастемирова Г.А., Тилеужанова Г.Т., Сапаева Г.Е., Ибраимова Ж.Т., Әбдібекова К.Ж., Өзенбек С.Б.