ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
2022 жылдың 20-қазан күні Шығыстану факультетінде Жұмыс берушілер кеңесінің мәжілісі өтті. Жиын онлайн форматта болды. Мәжіліске факультет басшылығы мен кафедра меңгерушілері және жұмыс беруші мекемелердің өкілдері қатысты. Факультет басшылығ мұндай кеңестің құрылуының мақсат, міндеттерін, университеттің Академиялық комитетінің саясатын және оқу бағдарламаларын таныстырды. Жиынға қатысқан жұмыс беруші мекемелердің өкілдері де өз ойларын ортаға салды. Болашақ мамандарды дайындау процессіне олар да қызығушылық танытып, осы үдеріске белсенді атсалысатындарын, қолдан келген көмектерін аямайтындарын жеткізді. Қытайтану кафедрасының түлегі, қазір «Хуа вэй» компаниясының негізгі клиенттермен жұмыс істеу бөлімінің бас менеджері Чурсин Михаил Витальевич те осы жиынға қатысты. Михаил өз сөзінде академиялық білім берумен қатыр, практикалық қабілеттерді де өсіретін пәндер жинағын қосу туралы ұсынысын айтты. Тікелей өндірістің басы-қасында жүрген тісқаққан мамандардың пікірлері мен ұсыныстары білім беру бағдарламаларын дайындау барысында өте маңызды екені даусыз. Болашақта Қытайтану кафедрасы Чурсинді арнайы шақырып, түрлі кездесулер, мастер-кластар мен дөңгелек үстелдер өткізуді жоспарлап отыр.