АТАМЕКЕНГЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

21 қазан, 2022

     Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде 21 қазан күні Республика күніне арналған "Атамекенге қош келдіңіздер!" атты мерекелік іс-шара өтті. Шараның мақсаты: факультетімізге оқуға түскен шетелдегі қазақ диаспора өкілдерінің атажұртқа келіп, тарихи Отанына сіңісу, қаны бір қазақтың ел-жермен қауышып жаңа ортаға үйірлесуін қамтамасыз ету. Аталған іс-шараға М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғалымдары фил.ғ.д. Г.Орда, фил.ғ.к Ж.Сайлауқызы, аға ғылыми қызметкер Н.Елесбай және факультет түлектері қатысты. Қонақтарға кеш барысында сөз беріліп, олар еліміздің тәуелсіздігінің мәні мен қасиеті туралы тағылымды әңгімелер айтып, шәкірттерімізге атамекеннің өркендеуіне үлес қосуда сәттілік тіледі. Кешті ұйымдастырушы ұстаздардың бірі Ж.С.Әділханова қонақтарға алғыс білдіріп, сый-сияпат ұсынды.

Мерекелік іс-шараны ұйымдастырушылар: ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің деканы Суатай С.Қ., ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының меңгерушісі Сартаев С.А., ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік, тәрбие жұмыстарының орынбасары Тилеужанова Г.Т., және куратор-эдвайзерлер: Сандыкбаева У.Д., Адилханова Ж.С., Дауытова Ж.К., Нусупбаева С.А., Мужигова Г.М., Буланова Т.М., Ибрагимова М.Н., Саткенова Ж.Б., Касымова К.А., Габитова В.А.

 

атамекен