25 қазан - Республика күні!

21 қазан, 2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Оған оқу орнының басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы және білім алып жатқан жастар қатысты.

Мерекелік іс – шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басқарма төрағасы- ректор Жансейіт Түймебаев ашты. "Сіздерді Республика күнімен, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жандандырған ұлттық мерекемен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған мемлекеттік егемендік туралы Декларацияда Қазақстанның шекаралары, азаматтығы, дипломатиялық дербестігі, Мемлекеттік рәміздері бекітілген. Бұл құжат біздің тәуелсіздігіміздің басты алғышарты және тірегі болып табылады. Жаңа Қазақстанды құру жолында Республика күнін мерекелеуді қайтару маңызды және тарихи шешім болды", - деді ректор.