28 қазан мен 6 қараша аралығында Smart Point-те «Цифрлы күз: Сезімдер» виртуалды шынайылық фестивалі

24 қазан, 2022

Францияның Қазақстандағы Елшілігі 2022 жылдың 28 қазаны мен 6 қарашасы аралығында Алматы қаласындағы Smart Point орталығында (Алматы қ., Байзаков көшесі, 280) Алматы Француз Альянсы, Ресей Француз институты, Less Media Group агенттігі және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетімен серіктестікте «Цифрлы күз: Сезімдер» атты виртуалды шынайылық фестивалін ұйымдастырады. 27 қазан күні сағат 19:00-де журналистер мен цифрлы мәдениет саласының мамандарына арналған ашылу салтанаты ұйымдастырушылар, Францияның Алматыдағы Бас консулы және Францияның Қазақстандағы Елшілігінің Ынтымақтастық және мәдени бөлімі өкілдерінің қатысуымен өтеді.

 

Сондай-ақ Өзбекстан мен Ресейде өтетін фестиваль француз қатысушыларының бастамасымен не ынтымақтастығымен 9 әсерлі туындысы ұсынылады, олардың кейбіреуі Tribeca және Venice VR сияқты беделді фестивальдер ерекше аталған.

 

«Таңдалған әрбір иммерсивті жоба ерекше эмоционалды әсер, сезім, ақыл-ой тудыратын оқиғаны баяндайды. Қуаныш пен күлкі, қайғы мен көз жасы, татулық пен бірлік: сезімдер әртүрлі болуы мүмкін, бірақ ең бастысы - біздің осы сезімді адам ретінде, бір-бірімізді және қоршаған әлемді сезінуімізде, жанашырлық танытуымызда», - деп түсіндіреді Алина Михалева, Less Media тобының негізін қалаушы және фестивальдің бірлескен ұйымдастырушысы.

 

Шығармаларды іріктеуде эмпатия және басқа адамды ерекшелейтін қасиетін басшылыққа алынды. Фестивальде француз режиссері Селин Трикардың танымал The Key туындысы ұсынылады. Оның жұмысы Нью-Йорктегі Tribeca Film Festival кинофестиваліндегі ең жақсы интерактивті баяндау, сондай-ақ 2019 жылы Венеция кинофестиваліндегі ең жақсы виртуалды шынайылық туындысы ретінде марапатталды. Бұл ерекше туынды көрерменнің күрделі таңдауымен естелік, саяхаттауына жола шады.   Сол сияқты, Meet Mortazza-да көрермен босқынның ауыр халі мен тауқыметін бірге толғанады. Dans la peau de Thomas Pesquet –де атақты француз астронавтымен бірге оның ғарыштағы бас айналдарарлық тәжірибесін бастан кешеміз. «Notes on Blindness-те» көру қабілетін жоғалтқан адамның сенсорлық сезімін басқаша ракурста таныта алған. Уолтер Сисулудың тарихи туындасында теңдесі жоқ архивтік аудиожазбалар көмегімен көрермен өзін Оңтүстік Африка тәуелсіздігі үшін күрескер батыр сезіне алады.  

 

Практикалық ақпарат :

Аталған 9 жұмыстың бесеуі орыс тілінде дубляж немесе субтитрмен, үшеуі интерактивті жұмыс француз немесе ағылшын тілдерінде ұсынылады. Қажет болған жағдайда, шараға қатысушыларға VR құралдарын қолдануда медиаторлар көмек береді.

 

Жұмыс уақыты: күн сайын 12:00-ден 22:00-ге дейін
Аудитория: ересектер мен жасөспірімдер (14 жастан жоғары).
Кіру тарифтері (1 сағат):

-          толық баға: 4000 теңге

-          арзандатылған баға: 3000 теңге (студенттер үшін)

 

Жұмыстар мен тизерлердің тізімі:

-          The Key (Ирак, АҚШ), 15’

-          Notes on Blindness, Into Darkness, Франция, Ұлыбритания, 20’

-          Gloomy Eyes, (Аргентина, Франция), 33’

-          Meet Mortaza (Бельгия, Франция), 13’

-          *Dans la peau de Thomas Pesquet, (Франция), 30’ 

-          *Planet, Франция, 7’

-          Accused #2 : Walter Sisulu, (Франция, Оңтүстік Африка) 16’ 

-          *L’ïle des morts, Франция, 8’

-          Lifeline, Франция, 7’

* Аталмыш туындылар ForumVR метаверс платформасына орналастырылады. AppStore және Google Play-де қосымшаларды жүктеу қолжетімді. 

 

Байланыс:

Настя Усачева, Байланыс менеджері: nastya@lessmediagroup.com / t.me/usachevaastya / https://lessmediagroup.com/digital-autumn_kaz/
Анар Хамзина, Қазақстандағы Франция елшілігінің баспасөз қызметкері:
anar.khamzina@diplomatie.gouv.fr
Гүлмира Сұлтанбаева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ каф.меңг: gulmira.sultanbayeva@kaznu.edu.kz