- Басты бет
- Жаңалықтар
- Стамбулда Орталық Еуразия студенттеріне арналған корейтану бойынша I халықаралық академиялық олимпиада
Стамбулда Орталық Еуразия студенттеріне арналған корейтану бойынша I халықаралық академиялық олимпиада
Стамбул университетінің филология факультетінде корейтану пәні бойынша олимпиадалар жыл сайын өткізіліп тұрады. Осы жылы халықаралық олимпиадаға Ресей, Өзбекстан, Түркия, Қазақстан студенттері қатысты, олар өз оқу орындарында бірінші турдан іріктеліп алынған болатын. Олимпиаданың қазылар алқасы ретінде Оңтүстік Корея мен Польшадан профессорлар шақырылды.
Италия, Польша, Корея, Украина, Өзбекстан және Қырғызстан профессорлары сөз сөйлеген Орталық Еуразиядағы корейтану бойынша V халықаралық конференциядан кейін алғаш рет студенттер мен магистранттарға арналған халықаралық академиялық олимпиада ұйымдастырылды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қиыр Шығыс кафедрасының 2 курс магистранты Байчигашева Динара шақырылған профессор Ли Бён Джоның жетекшілігімен «Корея мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығын тойлау – туризм индустриясына 30 жыл» тақырыбындағы жобасын ұсынып, бірінші жүлделі орынға ие болды. Олимпиада жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Өз сұхбатында Динара халықаралық олимпиадаға қатысу ол үшін үлкен мәртебе екенін атап өтіп, Стамбул университетінің олимпиада ұйымдастырушыларына, профессор Ли Бён Джоға және Шығыстану факультетінің деканы Ем Наталья Борисовнаға өзіне көрсетілген қолдаулар үшін және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің атынан шығу мүмкіндігі үшін алғысын білдірді. Қиыр Шығыс кафедрасының магистранты Байчигашева Динара корейтану саласында тағы да жоғары білім деңгейін көрсетті, бұл жетістік барлық корейтану-қатысушылары үшін жақсы үлгі болды.