«Қытай тілі көпірі» сайысының жеңімпазы Кенжебекова Мадинаны әлемдегі ең мықты 30 сайыскердің қатарында

24 қазан, 2022

Қытай тілін оқитын шетелдік студенттердің арасында дәстүрлі түрде жылда өтетін «Қытай тілі көпірі» сайысының Қазақстан бойынша жеңімпазы, Қытайтану кафедрасының магистранты Кенжебекова Мадинаны сайысты ұйымдастырушылар  әлемдегі ең мықты 30 сайыскердің қатарына қосыпты. Бұл Қазақстан үшін үлкен жаңалық! Мадинаның алар асулары әлі де алда болсын дей отырып, дайындаған ұстаздарына табыстан табысқа жете беріңдер деген тілек айтамыз.