«ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ МАТЕМАТИКА» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті

27 қазан, 2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Ақпараттық технологиялар " факультетінде ҚР БҒМ ҒК «Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты әл-Фараби атындағы ҚазҰлттық университетімен, Люблин техникалық университетімен (Люблин, Польша), Тұран университетімен және Әлихан Бөкейхан атындағы университетпен (Семей, Қазақстан Республикасы) бірлескен VII – «Информатика және қолданбалы математика» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты – информатика және қолданбалы математика саласындағы өзекті мәселелерді талқылау. Конференция қолданбалы мәселелерді шешу үшін озық ғылыми жетістіктерді қолданатын ғалымдарды біріктіруге, халықаралық тәжірибе алмасуға, жаңа идеяларды қалыптастыруға және ғылыми жастардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Іс-шараның мақсатты аудиториясы – Қазақстан Республикасының және жақын және алыс шетелдердің ғалымдары, магистранттары, докторанттары.