«Декан Кубогы: мини-футбол» ойындарының жеңімпаздары анықталды

28 қазан, 2022

Шығыстану факультеті «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіптік бюросының ұйымдастыруымен өткізілген «Декан Кубогы: мини-футбол» ойындарында 1 орынды «Восток» командасы иеленді. Ал «Үздік шабуылшы» номинациясымен қытайтану кафедрасының, аударма ісі мамандығының 1 курс студенті Жангозинов Дарын марапатталды.