«2023-2025жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы» тақырыбында вебинар өтті

28 қазан, 2022

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жоғары білім беру кафедрасының меңгерушісінің ғылыми – иноовациялық қызмет және халықаралық байланыстар бойынша орынбасары,  Амангелді Нұргүл ZOOM платформасында 2022жылдың 26қазанында  «2023-2025жылдарға арналған  ғылыми  және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы» туралы мәліметтерін ұсына отырып, конкурсқа қалай тіркелу  керектігі жайында бағыт-бағдар берді. Қазақстан  Республикасының Ғылыми және жоғары білім министрлігі конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттарына назар аударған, яғни энергетика, денсаулық, ақпараттық коммуникация, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулерге,  жаратылыстану  ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулерге және тағы да басқа бағыттарға көңіл бөліп отыр. Бүгінде жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін дамытуда мемлекетіміз барлық қажетті жағдайды жасауда. Жас зерттеушілерге табандылық пен қайсарлық, ғылыми зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуға және жақсы нәтижелерге қол жеткізуге тілектеспін!