ҚазҰУ THE WUR by Subject 2023 рейтингінде өз позицияларын жақсартты

1 қараша, 2022

Times Higher Education рейтингтік агенттігі әлем университеттерінің 2023 жылға арналған пәндік рейтингінің қорытындыларын жариялады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Times Higher Education World University Rankings by Subject 2023" пәндік рейтингінің қорытындысы бойынша өз позицияларын жақсартты:

-Өнер және гуманитарлық ғылымдар (401-500);

-Бизнес және экономика (601-800);

-Информатика (601-800);

-Әлеуметтік ғылымдар (801+);

-Инжиниринг (801-1000);

-Физика ғылымдары (801-1000).   

Биылғы жылы әлемдік рейтингке 104 ел мен аймақтан 1799 университеттердің енгізілді. Университеттер 11 пәндік сала бойынша рейтингке ие болды: «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және экономика», «Инжиниринг», «Компьютерлік ғылымдар», «Физика ғылымдары», «Клиника және денсаулық», «Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Өмір туралы ғылымдар», «Білім», «Психология», «Құқық». Жаһандық рейтинг әдістемесі көрсеткіштердің бес тобына біріктірілген және жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттарын көрсететін 13 негізгі индикатор негізінде құрылады. Рейтинг әдістемесі: Білім (30%); Ғылыми-зерттеу жұмысы (30%); Дәйексөз (30%); Интернационалдандыру (7,5%); Ғылыми зерттеулерден түскен табыс (2,5%).

ҚазҰУ зерттеу университетіне айнала отырып, басқа да танылған әлемдік рейтингтерде серпінді ілгерілеуін көрсетуді жалғастыруда.