ҚАЗҰУ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ЭСТАФЕТА ӨТЕДІ

3 қараша, 2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да күзгі спартакиада аясында ұйымдастырылған студенттер арасында эстафета өтетінін хабарлаймыз.

Эстафета Әл-Фараби атындағы спорт кешенінің №1 залында 5 қараша күні сағат 10:00-де басталады.

Жарыстың шартына сәйкес, команда құрамында бес адам немесе кем дегенде үш қыз болуы қажет. Ұлдардың орнына қыздар спорттың барлық түріне қатыса алады. Бірақ, керісінше, қыздардың орнына ұлдардың қатысуына болмайды.

Барлық қатысушыларда ауыстыратын аяқкиім болуы керек.

Естеріңізге сала кетейік, 17 қазан мен 22 қараша аралығында Республика күніне арналған күзгі спартакиада өтеді.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

Баспасөз қызметі