Сәлем, магистратураға түсушілер!

3 қараша, 2022

💻Сіздерге 2022 жылғы 1-18 қараша аралығында app.testcenter.kz сайтында магистратураға түсуге арналған КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ жүргізілетінін хабарлаймыз.
⏳Кешенді тестілеудің өзі 28 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді.

📍Тіркелу барысында Сіз тестілеудің ОРНЫН (қаланы) өзіңіз таңдайсыз.

‼️Тестілеу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 2️⃣2️⃣ қарашада түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.
✅КТ-ның шекті балдары келесідей:
🔻Ғылыми-педагогикалық магистратура – 7️⃣5️⃣ балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін).
🔻Бейінді магистратура – 5️⃣0️⃣ балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін).

✅Оның ішінде:
✔️Шет тілі – кемінде 25 балл (ғылыми-педагогикалық);
✔️ОДАТ – кемінде 7 балл;
✔️БББТ бейіні бойынша – кемінде 7 балл (әр пәннен).

❗️❗️❗️ЕСКЕРТУ:

❌2022 жылы Ережелерді бұзғаны үшін тестілеуге жіберілмеген талапкерлер, сондай-ақ нәтижелері жойылған тұлғалар қайта кешенді тестілеуге қатыса алмайды.
📌2022 жылғы 20 шілдеден 10 тамызға дейінгі кезеңде өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды.

💰КТ-ға қатысу құны 11 020 теңгені құрайды.
✊Барлығыңызға сәттілік тілейміз!