Ecotech корпорациясының президентімен кездесу

3 қараша, 2022

28 қазан 2022 жылы Әл Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті, жапон бөліміне Жапонияның ірі Ecotech корпорациясының президенті Yamaguchi Masahiro, бас менеджері Yada Tomoshita және корпорацияның Қазақстандағы филиалының директоры Бекишева Рауан келіп, бөлімнің студенттермен кездесті.

Бекишева Рауан жапон бөлімінің 2003 жылғы түлегі. Yamaguchi Masahiro Yada Tomoshita мырзалар мен Бекишева Рауан бөлім студенттеріне жапон тілін оқып, жақсы есте сақтауға қатысты өз кеңестері мен ақылдарын айтып, Жапония жайлы, Жапон компанияларында жұмысқа орналасу мен олардың талаптарына байланысты студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Студенттермен кездесуден кейін Жапон бөлімінің меңгерушісі Ш.Т.Сауданбекова мен Ecotech корпорациясының өкілдері кафедра мен корпорация арасында бірлесіп жасалатын жұмыстар мен Ecotech корпорациясымен студенттердің өндірістік практикасынан өтетін орын ретіндегі келісімшарт жобасын талқылады.