Дөңгелек үстел - Қазақстан-Жапония қарым-қатынасын зерттеу
2 қараша 2022 сағат 13:30 – 15:30 аралығында Жапонтану бөлімінің меңгерушісі Сауданбекова Ш.Т., және жапонтану бөлімінің ОПҚ-ның ұйымдастыруымен Рицумейкан университетінің профессорлары – Риеко Китамура, Виктория Ким, Сатоко Кавамура (Рицумейкан Университеті (Киото, Жапония)), қатысуымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасының ОПҚ, магистранттар, докторанттар арасында «Қазақстан-Жапония қарым-қатынасын зерттеу саласындағы зерттеулер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел аясында Қазақстан мен Жапония қарым-қатынасы саласында жүргізіліп жатқан зерттеулер, өзара ынтымақтастық, қаржыландыру көздері. Болашақта даму жоспарларын қарастыру, Рицумейкан Университетімен ғылым, оқу-білім саласындағы коллабарация мәселелері талқыланды.