Менің арманымдағы Қазақстан болашағы

3 қараша, 2022

2022 жылдың 13-22 қазан аралығында Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасы Республика күніне арналған 8-11 сынып оқушылары арасында «Менің арманымдағы Қазақстан болашағы» атты республикалық эссе байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу, дарынды дарынды оқушыларды іріктеу және қолдау; жастардың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу; ғылыми зерттеулерге қызығушылықты дамыту; академиялық және достық қарым-қатынастарды нығайту.

Қазақстанның 7 өңірінен (Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Маңғыстау облысы, Абай облысы, Алматы облысы, Павлодар облысы) барлығы 43 жұмыс келіп түсті. Жұмыстар үш тілде қабылданды, жұмыстардың 40% орыс тілінде, 35% қазақ тілінде, 25% ағылшын тілінде жазылған.

Экономика кафедрасының оқытушылары арасынан конкурстық комиссия құрылып, ол келесі критерийлер бойынша үздік жұмыстарды таңдады: ерекшелігі, өзіндік пікірі, логикалық сөйлем құра білуі, сауаттылығы.

22 қазан күні байқау жеңімпаздары онлайн түрде марапатталды. Жеңімпаздарды Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы Бимендиева Лейла Әбдірашқызы атаулы дипломдармен марапаттады.

Эссе байқауының нәтижелері:

І орын – Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы облыстық мамандандырылған ІТ мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Умарбеков Искандер Нурланович;

ІІ орын – Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы №1 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Изимбергенов Малик Буранович;

ІІ орын – Павлодар облысы, Екібастұз қаласы «Зерде» дарынды балаларға арналған мектебінің 9 сынып оқушысы Оразбекова Алина Казбековна.

ІІ орын – Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы №1 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Марат Айжан;

ІІІ орын – Алматы қаласы №46 гимназияның 10 сынып оқушысы Федорова Илона;

ІІІ орын – Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №19 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Кенизбаева Фатима Алтаевна;

ІІІ орын – Абай облысы, Семей қаласы №35 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Акашева Еркежан.

Жеңімпаздарға атаулы дипломдардан басқа әл-Фараби атындағы ҚазҰУ логотипі бар сыйлықтар табыс етілді. Байқаудың барлық қатысушылары қатысқандары үшін сертификаттар алды.