«Аймақтық деңгейдегі мемлекеттік басқару»

1 қараша, 2022

2022 жылғы 1-2 қарашада Белгород қаласында (РФ) «Аймақтық деңгейдегі мемлекеттік басқару»атты халықаралық форумы өтті. Шараны Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті, Трансшекаралық ынтымақтастық және интеграция институтымен, Беларусь Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен, Беларусь мемлекеттік университетімен, Қазтұтынуодағы Қарағанды ​​университетімен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп ұйымдастырды. Халықаралық форумның пленарлық отырысында экономика ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі Тұрғынбаева Ардақ Несіпбекқызы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың заманауи тиімді тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады.