«Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!»

24 қазан, 2022

24.10.2022 жылы  Логистика мамандығы, 4 курс студенттерімен 25 қазан- Республика күніне орай «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Мемлекеттік, кәсіби және көптеген атаулы күндердің арасында Ұлттық мейрамның мәртебесі ерекше. Қазақстан үшін тарихи маңызы бар, мемлекеттігіміздің іргетасы қаланып, дамуына ықпал еткен күн. Республика күні – егемендігімізге жол ашқан күн. Дәл осы күні қабылданған декларация – тәуелсіз ел болуға негіз болған құжат. Бұл – еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы Елдің егемендігі - сол елде өмір сүретін әр азаматтың еркіндігі. Мықтап бекітілген шекарамыз бен дара бір Республика болып қалыптасуымыз - баға жетпес құндылық.  Мерекелік іс-шара мақсаты: студенттерімізді Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін және Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.Ұйымдастырушылар: Бизнес-технологиялар кафедрасының аға оқытушылары Маликова Р.М., Болтаева А.Ж., Абдикул Ш.Н., және Логистика мамандығы 4 курс студенттері.