- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қиыр Шығыс кафедрасында "Жоғары курс студенттерімен Диалог" тақырыбында іс-шара өткізілді
Қиыр Шығыс кафедрасында "Жоғары курс студенттерімен Диалог" тақырыбында іс-шара өткізілді
2022 жылдың 9 қараша күні Қиыр Шығыс кафедрасында (Корейтану бөлімі) бірінші курс студенттеріне бағытталған "Жоғары курс студенттерімен Диалог" тақырыбында іс-шара өткізілді.
Іс-шараны аға оқытушы Кавделова Ұлжан және 1 курс эдвайзері Сермұхаметова Багжан дайындады, және іс -шара профессор Ли Бёнг Джоның қолдауымен өтті. Бірінші курстан басқа, бұл іс-шараға 2-ші және 3-ші курс студенттері, сондай-ақ академиялық алмасу (ұтқырлық) бағдарламасы бойынша Кореяға кеткен студенттер де қатысты. 2-ші және 3-ші курс студенттері университеттегі студенттік өмір туралы, ал Кореяға алмасу бойынша кеткен студенттер 1-ші және 2-ші курс студенттеріне Кореяда қалай оқып жатқандары туралы бейне хабарламалар арқылы егжей-тегжейлі айтып берді. Осы іс-шараның арқасында студенттер бір-бірімен жақындаса алды, сонымен қатар олар кафедрадағы өмірге қажетті көптеген пайдалы ақпаратпен бөлісе алды.
Басқа жаңалықтар

