ҚазҰУ Бейбітшілік пен даму үшін дүниежүзілік ғылым күнімен құттықтайды
Бүгін – Дүниежүзілік ғылым күні.
Ресми түрде Бейбітшілік пен даму үшін дүниежүзілік ғылым күні деп аталатын бұл күн қоғамға ғылымның пайдасын түсіндіруді арттыру мақсатында жыл сайын 10 қарашада атап өтіледі.
Ғылыми-техникалық жетістіктердің арқасында адамзат өркениеті алға жылжыды. Қоғам дамуының жоғары деңгейін көрсететін ғылыми өрлеуде бүкіл әлемдегі ғалымдар әлемнің игілігі үшін жұмыс істейді.
Дүниежүзілік ғылым күні – бұл әлемдік ғылыми қоғамдастықтың мақсаттары мен міндеттерін өзектендіру және жұртшылыққа оның рөлін еске түсірудің мүмкіндігі.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып, зерттеу университетіне трансформациялануда.
Қазақстан экономикасын жаңғырту тетігін қалыптастыра отырып, университет қоғам мен кәсіпкерлікке, өндіріске пайдалы зерттеулер жүргізіп, тиімді ғылыми жобаларды іске асырады.
Университет бүгінде бірегей ғылыми-инновациялық инфрақұрылымы бар ірі зияткерлік корпорацияға айналды. Жаһандану дәуірінде адамзат үшін оның өмір сүру сапасы мен экологияны жақсарту мақсатында пайдалы заттар жасау қажет. Осы ретте ҚазҰУ ғалымдарының ашқан жаңалықтары қоғамға қызмет етіп, халық денсаулығы мен өмір сапасын жақсартуға бағытталуда.
Біз ғалымдарды, университеттің оқытушы-профессорлық құрамы мен еліміздің және әлемнің барлық ғылыми қоғамдастық өкілдерін мерекелерімен құттықтаймыз!
Ғылым жолындағы қажырлы еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі