ҚазҰУ Еуразия экономикалық форумына қатысып қайтты
Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ШЫҰУ оқу орталығы жақында ҚХР-дың Сиань қаласында өткен Еуразия экономикалық форум – 2011 білім секциясының жұмысына арнайы шақырылып, қатысып қайтты.
Көптеген азия мен еуропа елдерінің басшылары, соның ішінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың өкілдері, атақты ғалымдар қатысқан пленарлық және секциялық мәжілістерінде «Еуразиядағы инновациялық серіктестік және трансформация мүмкіндіктерін бірлесе пайдалану» атты Форумның тақырыбына сәйкес перспективті сұрақтар талқыланды. Еуразия аймағындағы экономикаға, энергетикаға, экологиялық қауіпсіздікке қатысты дәстүрлі және өзекті мәселелерден басқа секциялық мәжілісте Еуразия елдері экономикасының дамуы үшін мамандар дайындайтын ШЫҰ университетінің ары қарай дамуы жөніндегі білім саласының жаңа мәселелері қарастырылды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ біздің Республикамызда ШЫҰУ әрекеттерін бағыттауда және жүзеге асыруда 2 жыл белсенді жұмыс жүргізіп келеді. «Білім ынтымақтастығы – 2011 Еуразия конференциясында» университеттің инновациялық әрекеті жөнінде оқу жұмысы жөніндегі проректор, профессор Г.Т. Балақаева мәлімдеме жасады.
ШЫҰУ аясындағы келіссөздерден басқа қосымша ҚХР-дың жоғары оқу орындарының проректорларымен (ЧжаньШащцзе – Солтүстік шығыс университеті, Цзинь Тао - Ланьчжоу университеті,Тэй бай - Синьцзян университеті) академиялық мобильділік мәселелер бойынша кездесулер өткізілді.
ҚХР-дың «Интеграция халықаралық қоры» өкілдерімен ынтымақтастық жөніндегі келісімге келді.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі