Т.Кәкішев оқуларының үздіктері анықталды

11 қараша, 2022

Көрнекті әдебиеттанушы ғалым Тұрсынбек Кәкішұлының 95 жылдығы аясында ұйымдастырылған студенттер мен жас ғалымдарға арналған халықаралық «Т.Кәкішұлы оқулары» байқауының үздіктері анықталды.

Байқауды ұйымдастыру мақсаты – студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденісін арттыруға және ұлттық әдебиеттану ғылымы бағытындағы шығармашылық ойлары мен жаңашыл идеяларын жүзеге асыруға ықпал ету.

Байқауға қатысқан 60-тан астам талапкер «Тұрсынбек Кәкішұлы зерттеулеріндегі ұлттық әдебиеттану мәселелері» бойынша ғылыми жоба, «Т.Кәкішұлының азаматтық тұлғасы және қайраткерлік қыры» тақырыбында эссе, «Жаяу салдың серуендері» тақырыбында бейнеролик дайындады.

Олардың қатарында Түркияның Бұрса Ұлыдағ университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Оңтүстік Қазақстан университеті, Ақтөбедегі С.Бәйішев атындағы университеті т.б. оқу орындарынан жас ғалымдар болды.

«Т.Кәкішев оқулары» байқауының қорытындысы бойынша ең үздік деп танылған студенттер мен жас ғалымдарға арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар тапсырылды.

 

«Ең үздік ғылыми жоба»

Бұрса Ұлыдағ университетінің PhD докторанты, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Нұркамал Қуаныш;

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің магистранты 

Ақбота Рымғалиева.

 

«Ең үздік бейнеролик»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің 2-курс студенті Қуаныш Нұрай.

 

«Ең үздік эссе»

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің 4-курс студенті Қамшыбек Ахмет.

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі