Алматыда жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында футзалдан қалалық деңгейдегі турнир өтті

19 қараша, 2022

Турнир нәтижесі бойынша Алматы техника-экономикалық қатынас жолдары колледжінің «Темір тұлпар» командасы финалда 4:3 есебімен Қазақ қатынас жолдары университетінің «Локомотив» командасын ұтқан. Турнирдің қола жүлдесін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика кафедрасының студенттерінен құралған команда жеңіп алды.

 

- Қалалық деңгейде өткен футзал турнирында үздік үштікте болғанымызға өте қуаныштымыз. Осындай спорттық мереке үшін ұйымдастырушыларға рахмет. Осындай турнирлердің жиі өткізіліп тұрғанын қалаймын, - деп өз қуанышымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Цифрлық экономика» мамандығының студенті Смағұл Жандос бөлісті.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздарымен және кубокпен марапатталды. Сонымен қатар, үздік ойыншылар келесі номинациялар бойынша дипломдарға ие болды: «Үздік ойыншы» - Миннадыгер Гариф, «Үздік жас ойыншы» - Серікбай Ханзат, «Үздік бомбардир» - Пернебек Даниал, «Үздік қақпашы» - Бурданов Дмитрий, «Үздік қорғаушы» - Аманжолов Елдос , «Үздік жартылай қорғаушы» - Ақанұлы Дархан және «Үздік шабуылшы» - Қыдырбаев Ағытай,

 

Ұйымдастырушылар: Нұрғазы Шыңғыс, Парманкулова Индира, Салибекова Перизат, Есенгелдиева Гульмира