Бизнес бастау жолы

19 қараша, 2022

Жұмыс беруші мен кәсіпкердің Ерниязов Қ.Ш. қатысуымен «Бизнес бастау жолы» тақырыбында дәріс өтті. Бұл өте қызықты және әсерлі болды. ЭжБЖМ 1 курс студенттері «Кәсіпкерлік» курсы бойынша теориялық білімдерін спикер Қуанышбек Шынболатұлының практикалық дағдылары мен лайфхактары арқылы бекітті. Таңертеңгілік кездесудің ең көрнекті тұсы – "ерекше ұлт – Казгушники" сабақтастығы. Бүгінгі спикер ҚазҰУ-ның «Экономика» кафедрасының түлегі. Қонақ дәрісі нәтижелі болды, өйткені спикер өз тәжірибесінен мысалдар келтірді. Осылайша ол студенттерге шағын және орта бизнес мәселесі қашанда өзекті болатынын көрсетті.