1 курс докторанттарымен форсайт-кездесу
Іс-шара мазмұнына енген сұрақтар бойынша факультет деканы докторантура бағдарламасының негізгі талаптары бойынша егжей-тегжейлі түсініктеме берді. Бағдарламаның мазмұндық сипатына орай бағдарламаның тұжырымдық бөлігінің бірнеше қызметтерін атап, ғылыми -зерттеушілік жұмысты орындауға бағытталған нұсқаулықпен таныстырды.
Докторантура деңгейіндегі оқу процесін оңтайландыру мақсатында факультет деканының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Әлия Өмірбекқызы Өмірбекова оқу процесіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Оқу үлгерімі мәселесі, курстан-курсқа өтудің GPA көрсеткішінің маңыздылығы және т.б.
Докторанттардың ғылыми тағылымдамасы бойынша деканның ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары А.Б. Альчимбаева инструктаж жүргізді. Тағылымдама талап-ережелеріне қатысты тағылымдаманың мерзімі, халықаралық рейтингте алғашқы QS-200 позицияны алатын жетекші шетелдік ұйымдарда жүзеге асыру қажеттілігі, тілдік сертификаттың болуы мен шекті баллдардың нормасы, тағылымдаманың шетел ғылыми кеңесшісінің базасымен сәйкес болуы, жарияланымдар стратегиясы (WOS, Scopus) бойынша мағлұмат берілді.
Іс-шара соңында докторанттарға «Жаңартылған жарияланымдар тізбесі» / ҚР БҒМ БҒСБК/ ККСОН , WOS, Scopus / жадынамасы таратылды.