Халықаралық экономикалық форум

22 қараша, 2022

Алтай мемлекеттік университеті (АлтМУ)(Барнаул қ., Ресей), И.С.Тургенов атындағы Орел мемлекеттік университеті (Орел қ., Ресей), әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (Алматы қ., Қазақстан) ұйымдастыруымен 2022 жылы өтетін «Аймақтың экономикалық дамуы: басқару, инновациялар, мамандарды даярлау» тақырыбындағы IX Халықаралық экономикалық форум аясында талқылауға келесі мәселелер ұсынылады:

• тұрақсыздық жағдайында елдер мен аймақтардыңэкономикасының даму мәселелері;
• экономиканың цифрлануы мен жаңа шындықта кадрларды даярлау;
• цифрлық дәуірдегі кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ басқа да өзекті тақырыптар мен мәселелер.

«Аймақтың экономикалық дамуы: басқару, инновациялар, мамандарды даярлау» тақырыбындағы IX Халықаралық экономикалық форум аясында келесідей секция жұмыс істейді:

✔ секция (АлтМУ алаңы) «Белгісіздік жағдайында территория экономикасының тұрақты дамуы» https://www.asu.ru/;
✔ секция (И.С. Тургенев атындағы Орел мемлекеттік университетінің алаңы) «Территорияның дамуызаманауи технологияқоғаммәдениет» http://oreluniver.ru/.

Форум бағдарламасында іс-шаралардың кең ауқымы қарастырылған, атап айтқанда:

● «Тиімді бизнес: табысты кәсіпкерліктің құпиялары» форсайт – сессиясы
● «Аймақтың дамуыкәсіпкерлік, инвестицияларжаңа сауаттылық» жобалық сессиясы;
● «Цифрлық экономика үшін кадрларды даярлауда қаржылық сауаттылық құзыреттерін дамыту» пікірталас алаңы;
● «Өнеркәсіп пен бизнестегі цифрлық шешімдер» ғылыми  тәжірибелік дөңгелек үстел
● бакалавр, магистр және мамандардың ғылыми жұмыстарының халықаралық конкурсы.

«Аймақтың экономикалық дамуы: басқару, инновациялар, мамандарды даярлау» тақырыбындағы IX Халықаралық экономикалық форум 2022 жылдың 23 – 24 қараша аралығында онлайн форматта өтеді.

Форумға қатысушыларды тіркеу төменде көрсетілген сілтеме бойынша:(http://miemis.asu.ru/events/dlya-abiturientov/ekonomicheskij-forum-ekonomicheskoe-razvitie-regiona-upravlenie-innovatsii-podgotovka-kadrov-2022/2022 жылдың 16 қарашасына дейін жүзеге асады

Форумға қатысу үшін тіркеу жарнасы қарастырылмаған.

 

Ұйымдастырушылар: э.ғ.к., доцент, «Бизнес – технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Ахметова З.Б., «Бизнес – технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Шуренов Н.Б.