Егемен болмай, Ел болмас!Farabi University

Егемен болмай, Ел болмас!

25 қазан, 2022

2022 жылдың 25 қазан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті «6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс, 204-топ студенттері мен қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен № 17 Студенттер үйінде Республика күні мерекесіне арналған «Егемен болмай, ел болмас!» атты әдеби-танымдық тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатының мақсаты – Қазақстан Респубикасының ұлттық мерекесі Республика күнінің шығу тарихына назар аудару, ұлттық рәміздерді құрметтеуге, жас ұрпақты Отанын, туған жерін, туған елін қорғауға, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға бағытталады.