![](/storage/news/29798_large.jpeg)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті Баспасөз және электроды БАҚ кафедрасы 2023 жылдың 31 наурызда Республикалық «Ұлан» газетінің қолдауымен 48-ші Жас тілшілер форумы аясында «Журналист болғың келе ма?» байқауын жариялайды.
Байқауға республикалық мектеп оқушылары арасындағы шығармашылық жұмыстарды жіберуге болады. Байқау материалдарын қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 27 наурыз сағат: 24.00-ге дейін.
Номинациялар:
Журналист болғың келе ме?
Газет, әлде интернет?
Мультимедиа журналисінің бір күні
Байқауға ұсынылатын материалға қойылатын талаптар:
Байқауға Times New Roman, 12-ші қаріппен публицистикалық стильде жазылған материалдар қабылданады.
Көлемі 5 беттен аспауы керек. Ұсынылған жұмыста шығарма мәтінінен кейін оқушының аты-жөні, сыныбы, мектебі, елді-мекен атауы, облысы, таңдалған номинациясы, жетекшінің аты-жөні, электронды адрестері болуы міндетті.
Шығармалар байқауының өткізілу мерзімі – 2022 жылдың 18 қарашасынан 2023 жылдың 27 наурызға дейін.
Жұмыстар қабылданатын соңғы күн – 27 наурыз , 2023 жыл, сағат: 24.00
Байқаудың қорытындылары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде 2023 жылдың 31 наурызда өтетін 48-ші Жас тілшілер форумында таныстырылады.
Талапкерлер «Қазақ радиосы», «Ұлан», «Дружные ребята» редакцияларында, «Хабар», «Qazaqstan» Ұлттық телеарналары тілшілерінің шеберлік сыныптарына онлайн форматта қатыса алады.
Үйлестірушілер:
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы меңгерушісі. профессор Сұлтанбаева Гүлмира Серікбайқызы, Ұялы тел: + 77073777049, e-mail: sultanbaeva@gmail.com
Аға оқытушы Әлім Әсел Аманханқызы. Ұялы тел: + 77022936705;
e-mail: aselalimkaznu684@gmail.com
Басқа жаңалықтар
![](/storage/news/2801870279669de8679bc1d452628194_4.jpg)
![](/storage/news/3143404026669a457ef1a67363282100_10.jpeg)
![](/storage/news/33871989506699f775bddfe215293067_(3).jpg)